Шымкентте 4 мыңға жуық науқас тегін дәрі-дәрмекті алмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 4 мыңға жуық науқас тегін дәрі-дәрмекті алмаған

04.09.2024

Шымкентте созылмалы сырқатына байланысты диспенсерлік есепте тұратын 4 мыңға жуық науқас мемлекеттен берілген тегін медициналық дәрі-дәрмекті ала алмаған. Прокурорлық тексеру кезінде осындай заңсыздық қаладағы 12 емханада анықталды. Прокуратураның мәліметінше дәрілік препараттар емханаға жеткізілгенімен, медицина қызметкерлері науқастардың өзі келмеді деген сылтаумен сақтап отырған. Осыған байланысты емхананың бас дәрігері тәртіптік жазаға тартылды. Оларға 2 миллион теңге айыппұл салынды. Дәрілік заттар науқастарға таратылды.

Қали Бейсенбаев, Шымкент қаласы прокуратурасының аға прокуроры:

Және 108 медицина қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Бұл жағдай бір жыл ішінде тағы да қайталанса, олардың фармацевтикалық қызметпен айналысу қызметінің тоқтатылуына әкеп соқтырады.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу