Биыл «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 6 бағыт бойынша беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 6 бағыт бойынша беріледі

04.09.2024

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты енді, 6 бағыт бойынша беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Мемлекет басшысының бастамасымен берілетін бұл грант 2021 жылдан бастап жастарға «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес» және «Медиа» бағыттары бойынша үйлестірілген. Ал биыл аталған тізімге «волонтерлік» бағыты да қосылды. Бұл өзгеріс бағдарлама қағидаларын жетілдіру мақсатында жасалған. Брифингте мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың мақсаты да айтылды.

Қайрат Қамбаров, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы:

Грант берудің мақсаты – жастардың белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа және қазіргі кездегі бастамаларын мемлекеттік қолдау.

Темірлан Нұрсолтанов

Хабарламаларға жазылу