Мұнай өнеркәсібіне – 125 жыл: Үздіктер марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай өнеркәсібіне – 125 жыл: Үздіктер марапатталды

04.09.2024

Мұнай өнеркәсібіне - 125 жыл. Астана төрінде саланың үздіктеріне құрмет көрсетілді. Мемлекет басшысының атынан Премьер-Министр «Парасат», «Құрмет», «Еңбек Даңқы» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен жалпы саны 40 қызметкерді марапаттады.

Өркенбай Әлібаев, «Құрмет» орденінің иегері:

Мені үлкен марапатқа ұсынып отыр. Құрмет орденіне. «Қаламқас» мұнай-газ дегенде жұмыс жасаймын. «Қаламқас» кен орнының алғашқы ашқандардың бірі менің өзімнің әкем болып келеді. Мен 32 жыл бұрын бұл мекемеге тауар операторы болып жұмысқа кіргенмін.

Эдуард Кудасов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері:

Ақтөбе қаласынан келіп тұрмын. ТОО «ҚазақОйл» да істегенімізге 20 жыл болды. Мына жақта марапат алуға шақырған «Ерен еңбегі үшін» медалі. Баршыларымызға рахметімізді айтамыз.

Үкімет басшысы елімізде «қара алтынның» айтарлықтай қоры бар екенін атап өтті. Расталған мұнай қоры 4 млрд тоннадан асады. Мұнай экспортының жаңа бағыттары ашылды. Оның ішінде Каспий бағыты бар. Еліміз арқылы мұнай мен газ транзитінің көлемі артып келеді. Атырау облысында полипропилен өндіретін зауыттың ашылуымен толыққанды мұнай-газ химиясы кластері құрылды. Алда полиэтилен және бутадиен шығаратын жаңа жобалар жүзеге асады.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Мұнайшыларымыздың жанқиярлық еңбегімен, қажыр-қайратының арқасында Қазақтан әлемдік энергетиканың жетекші ойыншыларының қатарына қосылды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында Қашаған және Қарашығанақ кең орындарында, сондай-ақ, Жаңаөзен қаласында салынатын зауыттардың құрылысын жеделдетуді тапсырды. Яғни, мұнай-газ кешені келешекте де экономикамыздың негізгі драйверлерінің бірі болып қала бермек.


Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу