АЭС туралы ақпаратты онлайн алуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭС туралы ақпаратты онлайн алуға болады

04.09.2024

Қазақстандықтар АЭС туралы ақпаратқа онлайн қол жеткізе алады. Ол үшін электронды үкіметтің Gov.kz порталына немесе eGov mobile мобильді қосымшасына кіру керек. Онда сіз атом энергетикасы, атом электр станцияларының құрылысы мен жұмысы, олардың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға және денсаулыққа әсері туралы өзекті сұрақтарға жауап таба аласыз. Бұл бастама әрбір қазақстандықтың атом энергетикасына қатысты барлық аспектілерге объективті баға беріп, референдумға толық және сенімді ақпаратпен қатысуы қамтамасыз етуге бағытталған.

Серік Жұмабек


Хабарламаларға жазылу