Ақтөбе облысында оқушылар төбелесіп, бір бала қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында оқушылар төбелесіп, бір бала қайтыс болды

04.09.2024

Ақтөбе облысында оқушылар төбелесіп, бір бала қайтыс болды. Оқиға 2-қыркүйекте Темір ауданына қарасты Қопа ауылында болған. Балалар сабақтан тыс уақытта, яғни, кешкі мезгілде жанжалдасып, арты қайғылы жағдаймен аяқталған. Аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Төбелеске қатысқандардан жауап алынған. Тергеу жүріп жатыр.

Ерболат Сарқұлов, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, полицияға жеткізілді. Екі күдікті ұсталды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге де ақпараттар тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Бас Прокурор әлеуметтік желідегі жеке парақшасында осы оқиға бойынша қылмыстық істің тергеу барысын жеке бақылауына алғанын жазды. «Бұл жағдай тәрбие берудегі кемшіліктерге байланысты болған, нәтижесінде жасы үлкен балалар кішілерге әлімжеттік жасап, бір-бірін ұруға мәжбүрлеген» - дейді, Берік Асылов.


Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу