Бұдан былай мейрамханалардағы қызмет ақысы алынып тасталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұдан былай мейрамханалардағы қызмет ақысы алынып тасталуы мүмкін

05.09.2024

Дәмхана, мейрамханадағы қызмет ақысы алынып тасталуы мүмкін. Сауда және интеграция министрі, қазір ішкі сауда ережелеріне өзгерістер әзірленіп жатқанын жеткізді. Ол қабылданса, тамақтану орындарында қызмет көрсетуге төленетін 10 пайыз түбіртектен алынып тасталмақ. Ал егер көрсетілген қызмет көңіліңізден шықса, өз еркіңізбен шайпұл беруге болады. «Десе де, бизнесмендердің барлығы бұл ойымызды құптай қоймас дейді», - Арман Шаққалиев. Дейтұрғанмен ел азаматтарының құқықтарын қорғау үшін мұндай өзгеріс қажет.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

Бүгінде түбіртекте 10% міндетті атрибут ретінде көрсетілген. БІз атрибут ретінде көрсетілген осы шайпұлды алып тастауды көздейтін өзгерістерді дайындап жатырмыз. Яғни көрсетілген қызмет үшін алынатын 10%-ды алып тастаймыз. Егер түбіртекте қызметтің жалпы сомасы көрсетілсе, сіз неге 2 рет төлеуіңіз керек.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу