Оралдық «Ақжайық» футбол клубы қаржысыз қалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдық «Ақжайық» футбол клубы қаржысыз қалуы мүмкін

05.09.2024

Батыс Қазақстан облысында «Ақжайық» футбол клубы қаржысыз қалуы мүмкін. Жергілікті билік уәде еткен 400 млн теңгені бермеген. 100-ден астам қызметкер 9 ай бойына жалақысыз, ал балалар футбол командасы жарыссыз қалған. Клуб жазда спорт басқармасын сотқа берген еді. Сот шешімімен мелекеттік сатып алу конкурсы үшінші рет қайта жарияланды.

Гүлдария Кауиева, «Ақжайық» ФК президенті:

Егер футбол клубымыз жабылатын болса, өңірде үш жылға дейін кәсіби футбол клубы мүлдем болмайды. Қандай мақсатта, не себептен барлығы әкімдік болып, футболға қарсы шығып отырғандарын білмеймін, біріншіден. Екіншіден, ел көріп отыр, шын мәнінде қолдау таппай отырмыз.

Бүгін конкурс өткізу үшін құжаттарды толықтырудың соңғы күні. Алайда футбол клубының құжаттары түгел болмай шыққан. Клуб басшылығы «Бұл - қаржы бермеудің сылтауы» десе, спорт басқармасы заң аясындағы талап екенін алға тартты.

Жеңіс Нығматуллин, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

Оларда бір құжат жетпей тұр. Соны басқарма басшысы ретінде сіз бергізбей отырсыз, соны бізге беруге жәрдемдесуіңізді сұраймыз деген мәселе көтеріп отыр. Ол менің құзыретімде емес. Банкрот жасау, жабу деген мәселені мемлекет априори қоя алмайды. Себебі бұл клуб - жеке клуб.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу