Жетісу облысына 188,2 млрд теңгенің инвестициясы тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысына 188,2 млрд теңгенің инвестициясы тартылды

05.09.2024

Жетісу облысына 200 млрд теңгеге жуық қаржының инвестициясы тартылған. Олардың қатарында Кербұлақ ауданындағы металлургия комбинаты, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы индустриалды паркі, Жоңғар қақпасы аумағындағы қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясы сияқты ірі жобалар бар. Бұл жөнінде Президент қабылдауында болған аймақ әкімі Бейбіт Исабаев айтты.

Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының әкімі:

Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өсу нүктелері болып табылатын ауылшаруашылығы, транзиттік-транспорттық мүмкіндіктер. инфраструктуралық құрылымдар, туризмді дамыту мәселесі, содан кейін ең негізгі мақсат бұл халықтың тұрмыс жағдайын лайықты өмір сүруіне барынша жағдай жасау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу