Күйдіргі анықталған Үлкен Ақсу ауылында карантин енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күйдіргі анықталған Үлкен Ақсу ауылында карантин енгізілді

05.09.2024

Күйдіргі анықталған Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы Үлкен Ақсу ауылына карантин енгізілді.

Індетті жұқтырған 4 науқас ауруханаға түскен. Қазір олар қажетті ем-домын алып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты ветеринариялық бақылау комитетінің мәліметінше, күйдіргі болуы мүмкін деген күдікпен 3 қыркүйекте сынама алынды. Бүгін нәтижесі шығып, 2 бас ірі қарадан індет анықталды. Аумақтық ветеринарлық инспекция дәрігерлермен бірлесіп, ірі-қараларды толық тексеріп, вакцинациялайды.

Самат Төлегенов, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

Індет ошағынан жануарларды, мал шаруашылығы өнімдерін алып келуге, ауылдан шығаруға тыйым салынады. Республикалық эпизоотияға қарсы отряд елді мекен төңірегін толық дезинфекциялайды. Барлық ветеринариялық-санитариялық шара Министрліктің бақылауында болады.


Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу