Ақтөбе облысының үш тұрғыны бір миллиард теңге жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының үш тұрғыны бір миллиард теңге жымқырған

05.09.2024

Ақтөбе облысының үш тұрғыны шаруа қожалықтарының атынан жалған құжат дайындау арқылы бір миллиард теңгеге жуық қаржыны жымқырған. Бұл қылмысты Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады. Олар «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының облыстық филиалынан «Сыбаға» бағдарламасы арқылы үлкен көлемде несие алған. Құжатта 4 шаруа қожалығының атынан асыл тұқымды ірі қара мал сатып аламыз, деп көрсеткен. Осылайша Мемлекеттік субсидиялар мен кредиттік қаражатты қолды қылды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында келтірілген шығын өтелді. Олардың үшеуі де агроөнеркәсіп саласында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.


Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу