Жолдауды жүзеге асырудағы Ассамблея қызметі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдауды жүзеге асырудағы Ассамблея қызметі талқыланды

06.09.2024

Парламент депутаттары, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ассамблеяға қарасты қоғамдық құрылым өкілдері де Жолдау жүктеген міндеттерді айқындап алды. Олар жалпыұлттық бірлікті нығайту, азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, саяси және қоғамдық өмірді жаңарту мәселелеріне баса назар аударды.

Сондай-ақ жастарды патриотизмге тәрбиелеу, Қазақстан тарихы мен мәдениетін құрметтеуге бағытталған жобаларды іске асыру тетіктері қарастырылды.

Шерзод Пулатов, ҚХА кеңес мүшесі:

Қазақстан халқы Ассамблеясы, айтып кету керек, әрқашанда мемлекет басшысының саясатын іске асыру үшін үлкен рөл атқарады. Мысалы «Аналар кеңесінің» жұмыстары, «Ақсақалдар кеңесінің» жұмысы, «Медиация кеңесі», жастармен жұмыстар. Осы бағыттар бойынша жолдауда көрсетілген әрбір мәселелерді, әрбір бағыт қолға алынып, іске асыруды қазіргі күнде жоспарлап отырмыз.

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу