Таяу Шығыстағы ахуал: Шерушілер Тель-Авивтегі жолдарды бөгеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таяу Шығыстағы ахуал: Шерушілер Тель-Авивтегі жолдарды бөгеді

06.09.2024

Израильде Хамастың кепілдігіндегі адамдарды босатуды талап еткен шеру әлі басылған жоқ. Сан мың адам Тель-Авив көшелеріне шығып, жолдарды бөгеді. Бұл наразылық акциясы өткен жексенбі күні Газадағы туннельде 6 адамның мәйіті табылғаннан кейін басталған еді.

Болжамдарға қарағанда, қазір Хамастың қолында 101 адам қалды. Олардың үштен бірі қаза тапқан, қалғандарының тағдыры белгісіз. Айта кетсек, былтыр қазанның 7-де Хамас Израильде 250 адамды кепілге алды. Содан кейін Израиль Газа секторына соғыс ашты. 41 мыңға жуық адамды мерт қылды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу