Талдықорғанда жастардың мемлекеттік кадрлық резерві жасақталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда жастардың мемлекеттік кадрлық резерві жасақталды

06.09.2024

Президент тапсырмасымен елімізде алғаш рет талантты жастар арасында өңірлік кадрлық резерв жасақталды. Басты мақсат – жас мемлекеттік қызметшілер арасынан талантты, жаңашыл ойлайтын мамандарды іріктеп, басқарушылар тобын қалыптастыру. Республика бойынша өңірлік кадрлық резервке 505 адам қабылданса, Жетісу облысынан 20 маман іріктеліп алынды.

Аймаққа іссапармен барған мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай өңірлік кадрлық резервке алынған жастармен кездесіп, бағыт-бағдар беріп, оларға артылған жауапкершілікті жеткізді. Мемлекеттік қызметшілердің қандай жауапты лауазымға тағайындала алатынын түсіндіріп, жас басқарушылар пулын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің төрағасы:

Мемлекеттік басқаруға білікті, білімді, құзыретті, қабілетті азаматтар керек. Мұның ішінде біз жаңағы жеке секторда жүрген азаматтарды да тартып жатырмыз. Оған да жұмыстарды беріп жатырмыз, жеңілдіктерді де. Сондықтан да бұл мемлекеттік басқаруға кез келген Қазақстан азаматының өзінің халыққа, елге қызмет етемін десе, біз барлық мүмкіндіктерді жасап жатырмыз.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу