Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиададан жүлдемен оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиададан жүлдемен оралды

06.09.2024

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан жүлделі оралды. Мысырда өткен додада құрама командамыз үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Сайысқа 90 елден 350 оқушы қатысқан. Жүлдегерлер Мансұр Таймас, Максим Цой және Назар Серазитдинов Алматы қаласында оқиды.

Ал Ахмет Иса Қызылорда облысынан барған. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және оларды дайындаған мұғалімдерге біржолғы сыйақы беріледі.

Алтын медаль иеленген оқушы 1500, күміс медальге 1000, ал қола алғандар 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай сыйақы алады. Айта кетсек, қазақстандық оқушылар биылғы жеті беделді халықаралық олимпиадаларға қатысып, 26 медаль иеленді.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу