Майқайың шұңқырында қаза тапқан құтқарушының отбасы жұмыс берушіні сотқа беріп 120 млн теңге қаржы өндіріп алатын болды.
Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы марқұмның жақындарының әрқайсына – екі баласына, анасы мен әпкесіне 30 миллион теңгеден өтемақы төлеуі тиіс. Себебі, арыз иелері жұмыс берушінің құтқарушыларды қажетті құралдармен жабдықтамағанын және жазатайым жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігі жайлы нақты жоспар болмағанын дәлелдеген.
Болат Аманбаев