Қостанай облысында астықтың 24 пайызы ғана жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында астықтың 24 пайызы ғана жиналды

06.09.2024

Қостанай облысында толассыз жауған жауын-шашынның кесірінен егін орағы мандымай жатыр. Осы уақытқа дейін алқаптағы астықтың тек 24 пайызы ғана орылған. Ал өңірдегі дән сіңірілген жердің көлемі 5 млн гектарға жуық. Ылғалдың шектен тыс молдығы өнімнің сапасына кері әсерін тигізуде. Дегенмен шаруалар шыққан дәнді ысырапсыз жинап алуға күш салып жатыр. Синоптиктер қыркүйек айының ашық күндері көп болады деп болжайды. Ауа райының қолайсыздығынан ысырапқа ұрынбаса, биыл облыс бойынша 5 млн тоннаға жуық астық жиналуы тиіс. Мамандар болжамы осындай.

 Сағындық Есментаев, шаруа:

Сыртынан қарағанда ол масақ әп-әдемі болып тұрғанмен, орған кезде түсім азайып қалады. Науқан кезінде де күнде жауын болып, көп қиыншылықтар болып тұр.  Бұл кезеңде біз бұрыңғы еккен егістігіміздің жартысын алып үлгіретінбіз. Бүгінгі күні 10-15 пайызын алып отырмыз. 


Хабарламаларға жазылу