Еліміздің басым бөлігінде күн суытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде күн суытады

06.09.2024

Алдағы 2-3 күнде еліміздің басым бөлігінде күн суытып, үсік жүруі мүмкін. «Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында нөсер жауын болады. Ал Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын жауып, арты қарға ұласуы ықтимал. Сондықтан синоптиктер тұрғындарды қолайсыз ауа райына дайын болуға шақырып отыр.

 Алина Исмағұлова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Желдің күшеюі болжанып отыр. Бүгін түнде және таңғы уақытта солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда тұман күтіледі. Ал, 8 қыркүйекте Қостанай облысында, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік болады.


Хабарламаларға жазылу