«Ұлы дала жорығы»: Тоғыз команда Астанаға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы дала жорығы»: Тоғыз команда Астанаға жетті

07.09.2024

5 күнге созылған «Ұлы дала жорығы» бәйге-марафоны аяқталды. Ботай қонысынан шыққан 17 команданың 9-ы Астанаға жетті. Мәрені бірінші болып бағындарған Ресейден келген кавказдық Қабардин-Балкар құрамасы. Айта кету керек, сәйгүліктің құлағында ойнап, жарыс жолының жеңімпаздары атанғандардың барлығы арулар. Ал екінші болып Алматылық арғымақтар жетсе, үшінші орынды Ақтөбелік тұлпарлар қанжығалады.



Хабарламаларға жазылу