Осы көшпенділер ойындарына төрелік жасайтын 370 төреші сақадай сай. Олардың алаңсыз қызмет етуі үшін барлық жағдай жасалған. Бұл туралы төрешілер бас қосқан жиынында белгілі болды. Қазыларға қойылып отырған басты талап - жарыстарды әділ өткізу. Сонымен бірге, спортшылардың шағымына 1 сағаттың ішінде шешім шығару міндеттелді. Бас төреші қызметін жоғары деңгейде атқарған төрешіге құрмет көрсетілмек.
Тастанбек Есентаев, Көшпенділер ойындарының бас төрешесі:
Бұл жерде осы төрешілер өзінің міндеттерін дұрыс атқаратын болса, төрешілер жарыс біткеннен кейін «халықаралық дәрежедегі төреші» деген сертификат алады. Ол сертификат келесіде оның дәрежесін көрсетіп отырады. Бұл бұрын-соңды болмаған.