Туризм саласын цифрландыру жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туризм саласын цифрландыру жұмыстары басталды

07.09.2024

Келесі жылы туризмді цифрландыру аясында ортақ қосымша іске қосылады. Бұл туралы Қазақстан мен БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйымның қатысуымен өткен жиында белгілі болды. Жаңа платформаға еліміздегі демалыс орындарының тізімі, қонақ үйлердің құны, қызмет ақысы енгізіледі. Осылайша, бәсекелестік артып, баға төмендемек.

Дәурен Молдахметов, ҚР Президенті істер басқармасының цифрландыру және жобаларды басқару бөлімінің меңгерушісі:

Бәсекелестік тұрған кезде әрине бағалар арзандайды деген үміттемін. Бүкіл қонақжайлардың тізімі, виза алуға мүмкіндік, регистрациясы бар, қандай маршруттар бар, туристардың қызығушылығы әртүрлі ғой.

Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас хатшысы, Қазақстанның туризм саласы жаңғырып келе жатқанын айтты. Шарада Президент іс басқармасы мен ұйым бірлесе ынтымақ туралы меморандумға қол қойды.

Зураб Пололикашвили, БҰҰ жанындағы дүниежүзілік туристік ұйымының бас хатшысы:

БҰҰ-ның Дүниежүзілік туристік ұйымы туризмді дамыту бағытындағы жоспарды жүзеге асыруда қолдау көрсетуге дайын. Біз халықаралық туристер тарапынан Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып отырмыз. Біздің міндет – қазақстандық туризм әлеуетін іске асыруға көмектесу.


Хабарламаларға жазылу