Түркияда ардагер өнерпаздардың концерті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда ардагер өнерпаздардың концерті

07.09.2024

Қазақстандық ардагер өнерпаздар түркиялық көрерменнің көзайымы болды. Жиырма жыл бұрын құрылған Алматы қаласы Алатау аудандық ардагерлер ансамблі Стамбұлда екі күн концерт қойып, жергілікті халықтың ықыласына бөленді. 65 жастан асқан қариялардан құрылған өнер ұжымы көрермендерге қазақ халық әндерінен бөлек, түрікше, ағылшынша, французша ән шырқап, би биледі. Бұған дейін Америкада, Еуропа елдерінде өнер көрсетіп, түрлі байқауларда жеңімпаз атанып жүрген ардагерлер Түрік еліне алғаш рет келген. Ашық аспан астында өткен концертке Түркияда тұратын қазақтармен қатар, жергілікті халық та көптеп жиналып, өнерпаздарға қошамет көрсетті.

Сағатулла Тауыпалды, ансамбль жетекшісі:

Біз шетелге шыққанда шетелдегі қазақтарға арнайы барып концерт қоямыз қазақ қауымдастығымызбен келісеміз. Сол шетелде біздің әнді сағынып, отанды сағынып жүргендерге, әрине олардың арасында бізді ұйымдастырып бізге ән салатын жер жасап солардың бәрімен келісіп аламыз. Халық жақсы жиналды. Жақсы өтті.

Мухсин Унал, түркиялық көрермен:

Өте әсерлі концерт болды. Қазақ пен түрік бауырлас халық болғандықтан, өнеріміз де, сезімдеріміз де өте ұқсас. Мәдениет халықтарды жақындастыратын бір құрал. Осындай мәдени шаралар бізді бұрынғыдан да қатты жақындастыра түсетіні сөзсіз.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу