Астанада өтетін Көшпенділер ойындарына күллі түркі әлемінің қызығушылығы ерекше. Түркиядан ойындардың ашылуын көру үшін арнайы жүздеген адам келеді. Олардың қатарында «Иетев» білім беру қоры мектептерінің басшысы Хаяти Октай мырза да бар.
Хаяти Октай, «Иетев» білім беру қорының басшысы:
Көшпенділер ойындарының түркі әлемі үшін маңызы ерекше. Екі жыл бұрын Түркияның Изник қаласында күллі түркі баласы бір жерге жиналған болатын. Биыл Астанада өтетін үлкен спорт сайысына да түркітілдес елдердің барлығы қатысып, ерекше басқосу болатынына сенімдімін. Мен де осы ойындардың ашылуына арнайы барамын. Біздің дәстүрлі спорттық ойындарымызды әлемге насихаттау және жас ұрпаққа үйрету үшін көшпенділер ойындары өте маңызды шара деп білемін.
Айдос Әшімұлы