Лайықты айлық мәселесі: «Жұмысшы мамандықтары жылы» қандай реформалар жүзеге асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лайықты айлық мәселесі: «Жұмысшы мамандықтары жылы» қандай реформалар жүзеге асады

08.09.2024

Президент 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялайтынын жеткізіп, осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет деді. Бұл лайықты айлық мәселесімен де қабысатын дүние. Мысалы, қысы ұзақ әрі қатал Шығыс Қазақстандағы Алтай қаласының жылыту орталығы 1 қазандықты болса да қосуға тырысып жатыр. Қажетті материал жеткізілген күнде де жөндеуге адам жетпейді. 15 дәнекерлеушінің жұмысын 7 адам істеп жүр. Көбі зейнеткер. Өйткені жас маманға төленетін айлық 160 мың теңге. Мұндай еңбекақыға кім барады? - деп біз өткен аптада ғана материал бергенбіз.

Еңбек қауіпсіздігі деген мәселе де өзекті. Жарақат алып, жұмыс істей алмай қалған талай кенші дұрыс өтемақы ала алмай жүр.

Хабарламаларға жазылу