Оқушы өлімі: Марқұмның туыстары кінәлі балалардың тиісті жаза арқалағанын қалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушы өлімі: Марқұмның туыстары кінәлі балалардың тиісті жаза арқалағанын қалайды

08.09.2024

Биыл 9-сыныпқа барған Нұржан Сыдық 15 жасқа толуына бір ай қалғанда жоғары сынып оқушыларының қолынан мерт болды. Бұл оқиға 2 қыркүйекте Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа ауылында болды.

Кәмелетке толмаған үш оқушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар «бұзақылық жасады», «адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді» деген күдікке ілінген. Нұржанның әпкесі Аяжанның, інісін жоғары сынып оқушылары аяусыз ұрғанын және қираған моншаның ішіне тастап кеткенін айтқан видео тарады.

Нұржан нағыз азамат болып ер жетіп келе жатқан, әлсіздерге қорған болып жүретін дейді. Сонымен бірге Аяжан Сыдықова істің қандай баптармен қозғалғанына наразы екендерін айтып, бізге телефон соқты.

Отбасы әлімжеттік көрсеткен барлық баланың жауапкершілікке тартылған қалайды. Ұсталған үш бала ғана жазаланады деп күдіктенеді.

Былтыр Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі мектеп оқушыларының 17,5 пайызы қайта-қайта буллингке ұшырайды дегенді айтқан.

Хабарламаларға жазылу