Мемлекет басшысы Тәжікстан президентін тәуелсіздік күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Тәжікстан президентін тәуелсіздік күнімен құттықтады

09.09.2024

Мемлекет басшысы Тәжікстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ел басшысы Эмомали Рахмонға жеделхат жолдады.

Онда Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның парасатты көшбасшылығымен Тәжікстанның маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырып, мемлекеттілікті нығайту жолында сенімді қадам басып келе жатқанын атап өтті. Әрі Қазақстан мен Тәжікстан өзара тиімді қарым-қатынас орнатқанын, бұл екі халықтың мүддесіне сай келетінін жеткізді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу