Көшпенділер ойындары: Жануарларды емдейтін орталық жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көшпенділер ойындары: Жануарларды емдейтін орталық жұмыс істеп тұр

09.09.2024

Дүбірлі дода қарсаңында «Арғымақ» ат-спорты кешені аймағында арнайы медициналық орталық ашылды. Осылайша ұйымдастырушылар көшпенділер ойындарында өнер көрсететін жануарлардың жай-күйіне де ерекше көңіл бөліп отыр. Орталыққа өзім арнайы барып қайттым. Жануарларға қандай күтім көрсетілетінін өз көзіммен көріп, танысып қайттым. Бірге тамашалайық.

Қаракөз Тұрмағанбет – Тілші:

Жарыс жолында жарақат алған жылқы я болмаса құс дәл осы медициналық орталыққа жеткізіледі. Бұл - операциялық бөлме. Мұнда операцияға жасауға арналған үстелмен қоса, УЗИ және рентген аппараттары бар екенін айта өтейік.

Мейрамбек Кәкімов – ветеринар-дәрігер:

Осы екі күннің ішінде де біз мынау ішек ауруларына, жарақат алған жылқылардың ауруларына көмектер жасадық. Жылқы малы ірі мал болғандықтан сынық ауруларына, аяқ-тұяқтарының, буын бөлімдерінің жарақаттанған жағдайларында ота жасайтын арнаулы фиксатор қойылған.

Қаракөз Тұрмағанбет – тілші:

Отадан кейін я болмаса жарақат алған жылқыны емдеу керек болса, мына арнайы боксқа орналастырылады. Мұнда жылқы жем-шөбін мына қобдишадан жесе, суын мына арнайы құрылғы арқылы іше алады. Барлығы автоматтандырылған.

Жарақатынан емделетін жылқыларға арналған бокстар бір жақта орналасса, жұқпалы дерт жұқтырған атқа арналған жеке-дара бөлме және қарастырылған.

Мейрамбек Кәкімов – ветеринар-дәрігер:

Мысалы үшін тырысқақ деген ауру бар, орыс тілінде столбняк ауруы дейді, тағы да басқа қауіпті ауруларға күдіктенетін болсақ, сол жылқыны арнаулы бөлек осы изоляциялық боксқа орналастырып, басқа жылқылармен қарым-қатынас жасатпауға әрекет жасап, жеке емдейміз.

Орталықта ем-дом шараларына арналған дәрі-дәрмек пен дәрумендер, арнайы құрал-сайманның барлығы бар. Бұл жерде жарыс барысында жарақат алып, дертке шалдыққан жылқылар емделеді. Ал жарысқа қосылар аттар атқораларға орналастырылмас бұрын арнайы тексеруден өтеді.

Рүстем Қауымбай - ветеринар-дәрігер:

Келген жылқыларды кмаздан түскен бойда тексеріс жұмыстарын бастаймыз. Қандай ауруларға вакцина егілді. Одан соң температурасын тексереміз, одан кейін басынан бастап аяғына дейін жарақат бар ма, жоқ па, лимфоузелдарын тексереміз.Күмән болатын болса белгілі бір ауруларға біз++кіргізуге жол бермейміз.

Қаракөз Тұрмағанбет – Тілші:

Көшпенділер ойындарына жалпы саны осындай 560-қа жуық спорттық ат қатысады. Мына "Арғымақ" ат спорты кешені мен "Қазанат" ипподромындағы 150 медициналық қызметкер бас-көз болады.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу