Шымкентте 94 азамат жалған құжат жасатып, жыл бойына мемлекеттен әлеуметтік төлем алып келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 94 азамат жалған құжат жасатып, жыл бойына мемлекеттен әлеуметтік төлем алып келген

09.09.2024

Шымкентте 94 азамат жалған құжат жасатып, жыл бойына мемлекеттен әлеуметтік төлем алып келген. Олар тек медициналық мекемелер ғана растап бере алатын қағаздардың өзін заңсыз жолмен рәсімдеп алған. Оңай олжа тапқысы келген азаматтар осындай тәсілмен мемлекеттің 24 миллион теңгесін бас пайдасына жаратқан. Заңсыздық өткен жылдың төртінші тоқсаны мен биыл жыл басында орын алғаны анықталды.

Осыны негізге ала отырып, еңбек мобильділігі орталығы пайдакүнем азаматтарды сотқа берді. Әзірге сот шешімі негізінде заңсыз берілген әлеуметтік төлемнің 9 миллионы қазынаға қайтарылды.

Ерболат Аханов, Қалалық еңбек мобильділігі орталығының бөлім басшысы:

Белгілі бір мерзімге 6 ай, 8 ай, 1 жыл деген сияқты жұмысқа жарамсыз анықтамалар. Іс жүзінде олар жарамды адамдар. Ол анықтамалар тиісті мекемелерде, емханаларда тіркелмеген. Яғни қолдан жалған жасап берілген анықтамалар.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу