Астанада түркі елдері ұйымының әділет министрлері бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада түркі елдері ұйымының әділет министрлері бас қосты

09.09.2024

Елордада алғаш рет Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан елінің әділет министрлері бас қосты. Спикерлер кеңестің бірінші отырысында әділет жүйесін цифрландыру мәселесін талқылап, өзара тәжірибие алмасты. Шара соңында Астана декларациясына қол қойылды. Онда кеңестің келесі отырысында болатын жұмыс бағыттары бекітілді. Ендігі жиын 2025 жылы Өзбекстан елінде өтеді деп жоспарланып отыр.

Азамат Есқараев – ҚР Әділет Министрі:

Мәселен Түркия елімен уағдаластыққа жетіп жатырмыз. Ветуалды аутопсия деген нәрсе бар. Бізде сот сараптама органдарымызда дүниеден өткен кісілердің денелерін ашпай, виртуалды түрде қарап неден қайтыс болғанын көруге болады.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу