Қ.Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас хатшысын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас хатшысын қабылдады

09.09.2024

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туризмді және ел экономикасын дамытуға жол ашады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас хатшысы осылай деді. Зураб Пололикашвили халықаралық доданың ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға берді. Әрі қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.

Президент өз кезегінде ауқымды іс-шараның ашылу салтанатына қатысқаны үшін ұйым делегациясы мен Бас хатшыға ризашылығын білдірді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары халықтар арасындағы достықты нығайтуға, еліміздің имиджін ілгерілетуге, мәдени-тарихи мұрасын дәріптеуге септігін тигізетінін атап өтті. Сондай-ақ ұйыммен туризм саласындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу