V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Көкпардан ұлттық құрама Өзбекстанды айқын басымдықпен жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Көкпардан ұлттық құрама Өзбекстанды айқын басымдықпен жеңді

09.09.2024

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында көкпар және көк бөріден сынға түскен Ұлттық құрама командасы келесі кезеңге сәтті өтті. Алдағы сайыста спортшыларды осал қарсылас күтіп тұрған жоқ. Ат спорт түрлері бойынша күннің қорытындысын «Қазанат» ипподромынан тікелей байланысқа шыққан Асылбек Данияр айтып беруге дайын. 

Асылбек Данияр, тілші:

Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы ойында Өзбекстан көкпаршыларын айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 16:0. Өзбекстандық шабандоздар бірде-бір салым сала алмады. Қарсыластар бұған дейін 8 рет кездескен. Оның екеуінде өзбек спортшылары басым түссе, қалған алтауында Ұлттық құрама көкпаршыларының асығы алшысынан түскен. Енді Қазақстан командасы Ресей федерациясының өкілдерімен бақ сынайды. Жалпы жарысқа 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Спорттың көк бөрі түрі бойынша Ұлттық құрама алғашқы ойында АҚШ ковбойларымен кездесті. Мұхит асып келген команда 18:0 есебімен жеңілді. Шабандоздарымыз ертең Түркия командасымен кім мықтыны анықтайды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу