«Сен қасымда болмасаң..» телехикаясы көрерменге жол тартпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сен қасымда болмасаң..» телехикаясы көрерменге жол тартпақ

09.09.2024

«Сен қасымда болмасаң..» Бүгін Ұлттық арнада дәл осындай атаумен жаңа телехикая көрерменге жол тартпақ. Оқиға желісі бойынша, белгілі кәсіпкердің немересі Мансұр есімді азамат, атасының компаниясын иеленіп қалу үшін түрлі тәуекелдерге барады. Жалған некеге тұрып, Жібек есімді қызға есеппен үйленеді. Мақсаты орындала бергенде, шетелден оралған Арсен мұраға таласып, жағдайды шиеленістіріп жібереді. Жалған неке шынайы сезімге ұласа ма? Мұраға таласта кім жеңіске жетеді? Бүгін 21-45те жіберіп алмай көріңіз.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу