Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы 1 млрд теңге жымқырды деген айыппен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы 1 млрд теңге жымқырды деген айыппен ұсталды

10.09.2024

Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы 1 млрд теңге жымқырды деген айыппен ұсталды. Мұны Қаржылық мониторинг агенттігі растап отыр. Ол 2016 жылы субұрқақтың құрылысын мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізбей салды деп айыпталды. Себебі нысанның жобалық құжаттамасы жоқ. Мемлекеттік сараптамадан өтпеген. Құрылысқа сапасыз материалдар қолданылған. Нәтижесінде, нысан 1 жылдан кейін істен шығып, қазір апатты жағдайда тұр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі:

Тергеу аясында оның мүлкіне тыйым салынды. Оның ішінде 3 коммерциялық нысан, 2 автотұрақ орны және Астана қаласындағы премиум санаттағы пәтер. Аталған іс бойынша күдіктілердің мүлкіне жалпы сомасы 572 миллион теңгеден астам сомаға шектеу қойылды.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу