Жамбыл облысында өзін емші ретінде насихаттап, «Томирис патшайым» атымен танымал болған балгердің мектепке барғаны қоғамда үлкен шу тудырды. Атышулы емші ауыл мектебін аралап, көпшілікпен кездескеннен кейін Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары мен мектеп директоры қызметінен босатылды. Ал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы мен Тереңөзек ауылы әкіміне қатаң сөгіс берілді.
Балгер емші Тұрар Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылының мектебіне қонақ болуға шақырту алған. Оны мектеп басшылығы арнайы күтіп алып, салтанатты шара ұйымдастырып, оған ақша жинап берген. Ол өз миссиясын оқушыларға қайырымдылық жасау мақсатында келдім деп түсіндіріпті. Әкімдіктің мәліметінше, өзі сол мектептің түлегі болғандықтан жыл сайын туған жеріне сапарлауды дәстүрге айналдырған көрінеді.
Данияр Әлімқұл