Денсаулық сақтау министрі: 75 оқушы әлі ауруханада жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық сақтау министрі: 75 оқушы әлі ауруханада жатыр

10.09.2024

Жансақтау бөліміне түскен екі оқушы жалпы палатаға ауыстырылды. Денсаулық сақтау министрі Маңғыстау облысында астан уланған оқушылардың жағдайы туралы айтты.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Жалпы 462 бала медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде 92 бала ауруханаға жатқызылды. 17 бала ауруханадан шықты. Жансақтау бөлімінде жатқан 2 бала денсаулық жағдайының жақсаруына байланысты жалпы бөлімшеге ауыстырылды. 387 бала амбулаторлық ем алып жатыр. Оқиға орнында Денсаулық сақтау вице-министрі жүр. 

Ақмарал Әлназарованың айтуынша, 75 оқушы әлі дәрігерлердің бақылауында. Жаппай астан улану дерегі Маңғыстау облысының Бесшоқы ауылындағы мектепте болған еді. Асханадан тегін тамақ ішкен бастауыш сынып оқушыларының дене қызуы көтеріліп, іштері ауырып, дәрігерлерге жүгінген. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен бірлескен тергеу тобы құрылды. Қылмыстық іс облыс прокурорының қадағалауында.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу