Қазақстандық «Болашақ» бағдарламасының студенті Диас Әзімбаевтың қысқаметражды «ULTIO» фильмі 70-інші «Канн» фестивалінің Short Film Corner секциясына Қазақстан атынан ұсынылды. Оған 100-ден аса елден 2000-нан аса қысқаметражды фильм қатысады.
Диас ұсынып отырған туындының мазмұны отбасылық-психологиялық драмаға құрылған. Ерлі-зайыптылардың және ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас сипатталады.
Айта кетейік, «Канн» фестивалінің марапаттау рәсімі осы жылдың мамыр айында өтеді.