Ертең Астанада 9 спорт түрі бойынша жарыс өтеді. Олар: жамбы ату, көкпар, көк бөрі, рowerful nomad, дәстүрлі садақ ату, алыш, арқан тартыс, асық ату және тоғызқұмалақ.
Әр спорт түрі бойынша сайыстың қай жерде өтетінін, уақытын және басқа да ақпаратты V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми сайтынан қарай аласыздар. Ал «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары ойындарды тікелей эфирде көрсетеді.