Жаңа салық реформасы баспана нарығына әсер етпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа салық реформасы баспана нарығына әсер етпейді

11.09.2024

Жаңа салық реформасы баспана нарығына әсер етпейді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты. Оның сөзінше, Үкімет тұрғын үй бағдарламаларымен берілетін пәтер құнын реттеуді жалғастыра береді. Ал құрылыс саласы қосымша құн салығынан босатылмайды. Құрылыс компаниялары үшін 12 пайыздық төлем ақылға қонымды дейді министр.

Нұрлан Байбазаров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Бұл нарықтағы баға саясаты өзгеше. Олардың құрылыс компанияларымен өз келісімдері бар. Баға көтеріледі деген болжам жоқ. Барлығы сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Бұған қатысты мәселе туындамайды. Баға өссе, біз ретке келтіреміз.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу