Декларация тапсыру мерзімі бір күнге ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Декларация тапсыру мерзімі бір күнге ұзартылды

11.09.2024

Жалпыға бірдей декларация тапсыру мерзімі бір күнге ұзартылды. 15-ші қыркүйек жеке-мүлік туралы есеп берудің соңғы күні ретінде бекітілгенмен, демалыс күніне сәйкес келіп тұр. Сондықтан комитет декларация тапсыруды бір күнге шегеруді шешіп отыр.

Айта кетейік, азаматтар салықтық міндеттерін бірқатар қосымшалар арқылы өтей алады. «Электрондық үкімет» порталы, «е-Salyq Azamat», «eGov mobile» сондай-ақ «Kaspi» және «Halyk банктерінің» қосымшасы арқылы 16-шы қыркүйекке дейін тапсыра аласыз. Үлгермегендер ескерту алады. Оны елемесе, 55 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды.


Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу