Өзбекстанда АЭС құрылысшыларына арналған қалашық салына бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда АЭС құрылысшыларына арналған қалашық салына бастады

11.09.2024

Өзбекстанда АЭС құрылысшыларына арналған қалашық салына бастады. Бұл - станса орналасатын аумақты кешенді дамытудың алғашқы қадамы. Ал АЭС -тің құрылысы жуық арада басталады.

«Узатом»-ның құрылыс дирекциясы мен «Росатом»-ға қарасты «Атомстройэкспорт» басшылығы тиісті хаттамаға қол қойды. Енді жобалық құжаттар әзірленіп, құрылыс алаңында лицензиялау жұмыстарын жүргізу қолға алынады. Тараптардың реттеуші және қаржылық міндеттемелері айқындалды.

Өзбекстанда қуаты 330 МВт болатын атом электр стансасын салу бойынша келісім мамырда Ресей президенті Владимир Путиннің Ташкентке сапары аясында жасалған. Бұл елде энергиялық ресурстарға сұраныс еселеп артып барады. Ал жүйенің тұрақтылығы мен экономиканың дамуы үшін тың энергия көзі қажет.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу