Биыл 2,5 мыңнан астам қылмыс ашылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 2,5 мыңнан астам қылмыс ашылған

11.09.2024

Елімізде алаяқтыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде «Киберпол» арнайы топтарымен 2,5 мыңнан астам қылмыс ашылған. Нәтижесінде, 962 млн теңге көлеміндегі шығын өтелген. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов баяндады. Оның айтуынша, барлығы 914 қылмыскер ұсталған. Жалған нөмірлерден түскен 58 млн қоңырау бұғатталды.

Еліміздің 5 қаласында 19 SIM-бокс және 6 мыңнан астам тіркелмеген SIM-карталары анықталды. «Антифрод-орталық» жұмысы аясында шетелге шығару сатысында тұрған 400 млн теңге бұғатталған. Ал, қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қаржылық интернет-ресурстарында қаржылық пирамида белгілерін дербес тексеруге мүмкіндік беретін Telegram-бот іске қосылды. Бүгінгі таңда 9 мыңнан астам өтініш қаралған.
Дмитрий Малахов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы:
Биыл 43 қаржы пирамидасы анықталып, мессенджерлердегі 266 чат жабылған. Осылайша, 2 млн-ға жуық азаматтың қаржылық шығынның алдын алды. «Киберқадағалау» жүйесі 8 мыңнан астам алаяқтық сипаттағы сайтты бұғаттады. 

Хабарламаларға жазылу