Көшпенділер ойындары: Асықшыларымыз алтын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көшпенділер ойындары: Асықшыларымыз алтын алды

11.09.2024

Төрткүл дүние көз тіккен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында асықшыларымыз топ жарды. Бес асықтан өткен сайыста, еліміздің қыздар құрамасы бірде-бір қарсыласына есе жібермей, финалға шықты. Шешуші кезеңде Ресей спортшыларын 3:0 есебімен ұтып, алтыннан алқа тақты. Ерлер арасында өткен асық ату бәсекесінде де, Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды. Финалда Қырғыз елінен келген қарсыластарын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Ал оған дейін топтық кезеңде біздің спортшылар Өзбекстан, Испания, Грузия, Мажарстан және Моңғолия құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу