Елімізде ірі кәсіпорындар автоматтандырылған экологиялық бақылау жүйесін енгізуге міндетті. Қазір 91 кәсіпорынның 62-сінде бұл талап сақталған. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің өкілдері, талапты одан әрі күшейту керек дейді. Мысалға, егер кәсіпорыннан экологиялық мәліметтер бір тәулік ішінде жіберілмесе, жоспардан тыс тексеру жүргізілмек. Бұдан бөлек, брифингте орман қорын ұлғайту жұмысы баяндалды. Соңғы 3 жылда жалпы ел бойынша 975 миллион дана ағаш отырғызылыпты. Бұл бағыттағы жұмысты ширату үшін алдағы уақытта бірнеше ірі жоба жүзеге аспақ.