«Қазақстан халқына» қоры қолдаған білім гранттарының тізімі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан халқына» қоры қолдаған білім гранттарының тізімі жарияланды

12.09.2024

«Қазақстан халқына» қоры атынан білім гранттарына ие болғандардың тізімі жарияланды. Қайырымдылық бағдарламасы аясында барлығы 800-ге жуық талапкер жоғары оқу орындарында тегін оқу мүмкіндігіне ие болды. Негізі, қор атынан білім гранттарын үлестіру үшін 93 университет таңдалып алынған. Тамыздың 1-і мен 17-сі аралығында білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары бағдарламаға қатысуға ниетті үміткерлердің өтініштерін қабылдаған болатын. Қордың білім беру гранты жылына 1 миллион теңгеге дейін жоғары білім алу құнын өтейді. Сондай-ақ грант иелеріне жазғы демалысты есепке алмағанда 40 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы төленеді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу