Қытайда «Орталық Азия - Цзянсу» сауда орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда «Орталық Азия - Цзянсу» сауда орталығы ашылды

12.09.2024

Қытайдың Цзянсу провинциясында «Орталық Азия - Цзянсу» сауда орталығы ашылды. Оған Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған қазақстандық делегация қатысты. Министр Қытайға жұмыс сапары барысында Цзянсу провинциясының губернаторы Сюй Куньлинмен кездесіп, бірлескен жұмыстардың оң нәтиже көрсетіп отырғанын атап өтті. Өз кезегінде губернатор Қазақстанмен стратегиялық ынтымақтастықты толық қолдайтынын, сол үшін Нанкин қаласында сауда мен инвестицияларды дамытуға ықпал ететін инфрақұрылым салынғанын айтты.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

Бүгін өздеріңіз көріп отырғандай, Қазақстан мен Қытай «Орталық Азия-Цзянсу» мультифункционалдық орталығы ашылды. Орталықта Азия елдерінің тауарлары ұсынылатын болады. Бүгінгі таңда осы алаңда 50-ге жуық қазақстандық компания өз өнімдерін ұсынды.


Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу