Ақтөбеліктер мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталыны еске алып, ұлт жанашырының рухына құрмет көрсетті. Белгілі ғалым биыл 85 жасқа толар еді.
Философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Әбдірахманұлы Мәжіліс депутаты болып сайланып, елдік мәселелерді көтеріп, халықтың ықыласына бөленді. Өзі ұзақ жыл қызмет еткен Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетінде философия факультетінің ашылуына мұрындық болып, шәкірт тәрбиеледі. Жүздеген ғылыми мақала мен монографиялар жазды. Ұлт руханиятына аянбай қызмет еткен тұлға осылайша халқына көптеген құнды еңбектер қалдырды. Университетте ғалымның атында арнайы бұрыш бар. Ол жерге ғалымның көзі тірісінде қалдырған кітаптары қойылған.
Гүлжан Битөре, А.Айталының жұбайы:
Өте қарапайым, қатты сөйлемейді, кішіпейіл. Енді ол кісі өмір бойы стол жанында отырып, ойлану, жазу, оқумен өтті. Біз екеуміз 35 жыл отастық. 35 жыл отасқанда мен өзімді бақытты жанмын деп сеземін, ойлаймын да.
Жақсыбек Кемал