Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады

12.09.2024

Прокуратура органдары республикалық референдумға қатысты қоғамдық пікірге заңсыз сауал салудың 8 дерегін анықтады. Олар Орталық референдум комиссиясына ескертпей, үгіт жүргізген. Аталған деректер бойынша, 4 азамат пен 2 заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл арқалады. Қалған 2 азамат бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады.

Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурордың орынбасары:

Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн дауыс берiлетін күннің алдындағы 5 күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейдi. Сондай-ақ сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады. Сондай-ақ бейбіт жиналыстар өткізу талаптарын бұзуға, жасырын үгiт материалдарын таратуға және оларды ескерткiштерге, тарихи, мәдени немесе сәулеттiк құндылығы бар үйлер мен ғимараттарға iлуге болмайды.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу