Орталық Азиядағы жастар ұйымдарының төрағалары бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азиядағы жастар ұйымдарының төрағалары бас қосты

12.09.2024

Алматыда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Әзербайжан жастар ұйымының төрағалары бас қосты. Жиында сөз алғандар жаһандану кезінде мұндай кездесулердің бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ Орта Азиядағы бауырлас халықтардың ортақ тарихы, мәдениеті мен әлеуметтік-экономикалық әлеуеті бірлесе жұмыс атқаруға серпін береді. Соның ішінде, жастардың саяси сауаттылығын және азаматтық ұстанымын қалыптастыру үшін ортақ алаң құру қазіргі таңда маңызды екеніне тоқталды.

Тимур Жұмырбаев, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Біз бірінші кезекте білім саласында тәжірибе алмасу мәселесін қарастырып жатырмыз. Яғни, біздің оқытушыларымыз Орталық Азия елдерінде дәріс оқыса, шетелдік сарапшыларды да Қазақстанға жиі шақыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жастар саясатын бірлесе дамытуды қолға аламыз. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу