Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалық кеңсе құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалық кеңсе құрылады

13.09.2024

Үкімет жанынан Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жобалық кеңсе құрылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев шаһарды дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңесте мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл орталық қалаға инвестиция тарту, инфрақұрылым жеткізу және жергілікті халықтың өзге де мәселелерін шешумен айналысады.

Жиында Алатаудың Бас жоспары бекітіліп, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық органдары құрылды. Қала құрамына шағын аудандарға айналған 12 елдімекен кірді. Бүгінде шаһардың жалпы ауданы 88 мың гектар, 54 мың адам тұрады.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу