Құсбегі Серікбек Күнтуған алтын жүлде жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құсбегі Серікбек Күнтуған алтын жүлде жеңіп алды

13.09.2024

Құсбегілер сайысында қанжығамыз майланды. Финалдық бәсекеде бүркіт салудан 12 спортшының ішінде Серікбек Күнтуған топ жарып, алтын жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ қаршыға салудан да біздің құсбегілер алтыннан алқа тақты. Екінші орынды Қырғызстан еншілесе, қола жүлде де Қазақстан қоржынына түсті. Ителгі құсынан алтын медаль қырғыз ағайынға бұйырса, күмісті біздің құсбегілер жеңіп алды. Дүниежүзілік байқау болған соң ережелер де халықаралық талаптарға сай өзгерген. Жарысқа әлемнің 10 мемлекетінен келген 42 спортшы қатысты. Олар 18 бүркіт пен 12 ителгі, 12 қаршығаны жарыс жолына қосты.

Серікбек Күнтуған, бүркітші:

Бізде бұрын Қазақстанда болатын жарыста аңға салатынбыз. Қазір аңды алып тастадық дүниежүзілік болғаннан кейін.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу