Көшпенділер ойынына келген туристерге көшпенді мәдениеті қызық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көшпенділер ойынына келген туристерге көшпенді мәдениеті қызық

13.09.2024

Көшпенділер ойынына келген шетелдік туристерге көшпенді мәдениеті қызық. Олар ұлттық ойындарымыз бен салт-дәстүрімізді тануға мүмкіндік туғанын қуана айтты. Жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі мен ұлттық нақыштағы бұйымдар да ұнап жатыр.

Александра Гежан, турист (Румыния):

Көшпенділер ойындарының Қазақстанда өтетінін білгенде қуанышым қойныма сыймады. Өйткені осы сапарымда қазақ мәдениетімен жақын танысып, көшпенділердің ұлттық ойындарын да көре аламын.

Андре Бреннер, турист (Германия):

Көшпенділер ойынының Қазақстанда өтетінін біліп, осында келдім. Маған ұлттық киімдерден бастап, зергерлердің жұмыстары мен біз біле бермейтін спорттың түр-түріне дейін ұнады. Ұнағаны соншалық, көргенімнің барлығын суретке түсіріп жүрмін.

Темірлан Нұрсолтан

Хабарламаларға жазылу